388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің отырысына қатысты

  • 462
  • UPD: 15:48, 15.06.2019

Тәжікстан астанасы Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 10-нан астам елдің басшылары қатысып, Азия аймағының қауіпсіздігі мен гүлденуі туралы ойларын ортаға салуда. Саммитте Қазақстан президенті де сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев жиын басталмас бұрын Катар мемлекетінің басшысы Шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты байланысты дамытуға қос тараптың да мүдделі екенін жеткізіп, оған мүмкіндік те мол екенін атап өтті. Ал Катар басшысы елдер арасындағы байланысқа кедергі болар тұстарды анықтайтын арнайы  комиссия құруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Екіжақты ынтымақтастық бойынша талқылайтын бірқатар мәселе бар. Қос ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс әзірге жоғары деңгейде болмағанымен, біз  Катардың көптеген елдерге, соның ішінде Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктерін жоғары бағалаймыз. Сондықтан бүгін мен біздің елдеріміздің өзара ықпалдастығына әсер ететін маңызды бағыттарға тоқталғым келеді. Қазақстанның Катарға деген құрметі жоғары. Өзім бұл елде бірнеше рет болдым. Мемлекет өте қарқынды дамып жатыр. Сол себепті біздің елдеріміздің өзара байланысын арттыру үшін зор мүмкіндік бар деп санаймын.

Тамим Бен Хамад Әл Тани, Катар әмірі:

- Сізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Тағы да менің құттықтауымды қабыл алыңыз. Жұмысыңызға зор табыс тілеймін. Екі елдің басты жетістігі бұл сенім және жоғары деңгейдегі байланыс деп айтуға болады. Әрине, сізбен келісемін, әлі де екіжақты ынтымақтастықты дамытатын тұстар бар. Біз Қазақстанға инвестиция салуға ниеттіміз. Сондықтан екіжақты байланысты дамытуға кедергі болып тұрған мәселелерді анықтау үшін бірлескен комиссия құру керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы