384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар Полиция күнін атап өтуде

  • 373
Қазақстандықтар Полиция күнін атап өтуде

Бүгін елімізде мемлекеттік қызметкерлер кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Қазақстан полициясының құрылған күні. Осыдан тура 27 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл – Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт. Ал 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым – Полиция күні болып бекітілді. Бұл күні халық ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлер мен осы қатарда еңбек етіп жүргендерге және қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға алғыс білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы