385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды

  • 304
  • UPD: 17:15, 30.07.2019
Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұл туралы ақпар Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Ерлан Айтаханов 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында туған. Еңбек жолын 1994 жылы «Alem Bank Kazakstan» кредит беру департаментінің экономисі болып бастаған. 2014 жылғы қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016 жылдан бастап Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болған.

Хабар 24 телеарнасы