387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды

  • 315
  • UPD: 13:25, 18.08.2019
Алматы облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды

Алматы облысында қатарынан екі рет болған жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың хабарлауынша, сағат 07:00-дегі жағдай бойынша зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түспеген. Алматы облысы ТЖД және Жаркентте шұғыл штаб құрылған, «шұғыл желі» ашылды: 8 (7282) 22-31-58, 22-15-91.

Еске сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ 18 тамызда алматы уақытымен 05 саағат 07 минут 46 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 245 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісіні энергетикалық санаты 12.8. Mагнитудасы 5.4. Тереңдігі 5 км. Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Жаркентте 4.5 балл, Талдықорған қаласында 2-3 балл, Саты кентінде 2-3 балл.

Артынша 06 сағат 38 минут 51 секундта тағы жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісіні энергетикалық санаты 10.6. Mагнитудасы 4.6. Тереңдігі 10 км. Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Сондай-ақ таяуда үшінші рет жер сілкініп, бұл табиғи апат Қапшағай маңында тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы