384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы «Президенттің кадрлық резервін» жасақтау бойынша тапсырма берді

  • 679
  • UPD: 19:27, 28.08.2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Президенттің кадрлық резервін» жасақтаудың негізгі аспектілері жөнінде егжей-тегжейлі баяндады.

Мемлекет басшысы аталған бастаманы жүзеге асырудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, жалпы іріктеу үдерісінің барынша ашық болуын қамтамасыз етуді және барлық мүдделі тұлғалардың онлайн-платформа арқылы қатысуына жағдай жасауды тапсырды.

Еске салсақ, ҚР Президенті жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы