422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батыс Қазақстанда АӘК алатын отбасылардың кейбірі тәуір тұрмыс кешкен

  • 959
  • UPD: 13:31, 27.10.2019

Келер жылдан бастап елімізде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жәрдемақы төлеудің жаңа үлгісі ұсынылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мыңдаған отбасының атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өз табыстарын жасыруы есептеудің жаңа тетіктерін енгізуге басты себеп», – дейді мамандар. Мәселен, тек Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік алып келген 3 мыңнан аса отбасының мемлекет қаржысын заңды не заңсыз жолмен алғаны анықталып жатыр.

Әлеуметтік көмек алғандардың арасында тұрақты табысы бар кәсіпкерлер де, зәулім үйі мен қымбат көлігі бар байекештер аз еместі анықталған. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 10 миллионға жуық қаржы қазынаға қайтарылыпты. «Дегенмен, елдің бәрін заңсыз жолмен пайдаға кенелуді мақсат тұтты дей алмаймыз. Бұған білместікпен не болмаса ақпараттық жүйедегі ақаулардың кесірінен барғандар да аз емес», – дейді мамандар. Ал, келер жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы жаңа жүйеге сай берілмек.

Ділдаш Ысқақова, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

– Егер сол АӘК алып отырған отбасындағы бір жұмысқа қабілетті семья мүшесі жұмыспен қамту шарасынан бас тартқан жағдайда, қазіргі қағида бойынша, ол отбасының тек қана сол мүшесіне ғана, жаңағы жұмысқа қабілетті мүшелеріне ғана аәк бірінші кезекте 50 пайызға ,екінші кезекте 100 пайызға тоқтатылады.

«Бір сөзбен айтқанда, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері балаларының алдында әркез жауапты екендігін ұмытпауы тиіс», – дейді сала мамандары. Ал көп балалы отбасылар әр бала үшін төленетін жәрдемақыны табыс көлеміне қарамастан ала алады. Ақсуат ауылының тұрғыны Сәнсия Мұхамбетжанова екі ай бұрын 500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленіпті. Осы қаржыға үйден шағын наубайхана ашып, ауылдастарына нан сатуға кірскен. «Күн сайын 20-ға жуық нан пісіремін. Ыстық бөлкелер тез өтіп кетеді. Келешекте нан пісіретін арнайы дүңгіршек ашып, кондитер өнімдерін шығаруды жоспарлап отырмын», – дейді ол.

Сәнсия Мұхамбетжанова, Ақсуат ауылының тұрғыны:

–Табысымызға қарамастан төленейін деп жатыр балаларға. Бұл да бір бізге үлкен қолдау, өте ризамыз. Естуімізше 53 мыңдай тиеді, бұл деген біздің отбасымызға өте үлкен қолдау, өте қуаныштымыз.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға беріледі. Яғни, мұндай отбасылардың оқушы немесе студент балаларына ыстық тамақ, киім-кешек пен мектеп бұйымдары, сондай-ақ жолақылары мемлекет есебінен өтелмек. Жәрдемақының бұл түрі республика бюджетінен төленеді.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы