384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

  • 289
  • UPD: 20:51, 31.10.2019

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтауға байланысты конкурстың өткізілуі жөнінде баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы байқауды әділ әрі ашық ұйымдастыру қажеттігін айтты. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен  әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы азық-түлік бағасы, жылу беру маусымы мен атаулы әлеуметтік көмектің берілуін бақылауда ұстауға байланысты бірқатар тапсырма берді. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қалаға қосылған аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жайында баяндады.

Хабар 24 телеарнасы