387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға қандай жаңа әуе бағыттары ашылады

  • 478
  • UPD: 13:18, 01.11.2019
Қазақстанға қандай жаңа әуе бағыттары ашылады inbusiness.kz

Қазақстан мен өзге мемлекеттер арасында қатынайтын қандай әуе рейстері ашылатыны туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Оманның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізілді. Олардың қорытындысы бойынша, SalamAir әуекомпаниясы келесі жылы Маскаттан Алматыға ұшатын рейстерді ашатын болады;

Air Asia компаниясы Джиддаға рейстерді ашуды жоспарлауда;

2020 жылдың І тоқсанында SCAT авиакомпаниясы Джиддаға аптасына 3 рейсті ұшыруды жоспарласа, 30 қарашадан бастап Мединаға аптасына 2 рейс ұшады;

Биыл 22-24 қазанында Азиядағы ірі лоукостің бірі – Air Asia тасымалдаушысы мен жаһандық тасымалдаушы – Singapore Airlines компаниясымен келіссөздер жүргізілді;

«Уральские Авиалинии» авиакомпаниясымен келіссөздер жүргізілді, ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Екатеринбург – Алматы бағыты бойынша рейс ашылатын болады;

Fly Arystan авиакомпаниясы 2019 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша күн сайын қатынайтын рейстерді ұшырады;

LOT авиакомпаниясымен келіссөздер жүргізілді, польшалық авиакомпания 2020 жылдың жазынан бастап Варшавадан Нұр-Сұлтанға аптасына келетін рейстер санын 7-ге дейін арттырса, 2021 жылдан бастап Алматыға қатынайтын рейстерді ашпақ. 

Сондай-ақ Катар («Qatar Airways» авиакомпаниясымен), Біріккен Араб Әмірліктерінің (Emirates, Fly Dubai компанияларымен) және т.б. елдердің авиациялық билігімен жаңа әуе қатынастары жөнінде келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы