384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы дипкорпус инвестициялар саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес шараларымен таныстырылды

  • 246
  • UPD: 14:12, 10.11.2019
Алматыдағы дипкорпус инвестициялар саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес шараларымен таныстырылды

Алматыдағы БҰҰ ғимаратында ҚР Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен БҰҰ агенттіктерінің, дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен, «Алматы» дипломатиялық клубының мүшелерімен, құрметті консулдармен, банк құрылымдары мен халықаралық компаниялардың басшыларымен Қазақстандағы инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері талқыланған арнайы кездесу өтті.

Кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров та қатысты. Іс-шара қатысушыларына инвестициялық саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдауға жүгінген инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметі барысында бюрократиялық кідірістер мен сыбайлас жемқорлық шығындарын жою болып табылатын «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» жобалық кеңсесінің қызметі туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Халықаралық инвестициялық қоғамдастық Қазақстан экономикасының түрлі секторларында кеңінен жұмыс істейтіндігін ескере отырып, іс-шара барысында жан-жақты пікір алмасылды. 

Сол күні дипкорпус өкілдері Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен «Адалдық алаңы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысты.

Хабар 24 телеарнасы