384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы көлік кептелісі: жағдай қалай, жүргізушілер не дейді?

  • 240
  • UPD: 10:17, 13.11.2019

Қар түскелі елордада көлік кептелісі ушығып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар сағаттап кептелісте тұруға мәжбүр. Әсіресе қаланың сол жағалауында жағдай қиын.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

– Қайырлы таң. Көріп тұрғандарыңыздай, ұзын-сонар кептеліс. Біз дәл қазір Мәңгілік ел мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында тұрмыз. Көбінесе таңға уақытта қалаға кірер бағытта, кешкі уақытта қаладан шығар бағытта дәл осы көрініс болады. Тұрғындар амалсыз сағаттап кезегін күтіп тұруға мәжбүр. Жаңа біз бір-екі жүргізушімен сөйлескенбіз. Олардың айтуынша, әсіресе қар түскелі бері көшедегі кептеліс көбейіп кетті. Көктайғаққа байланысты шағын жол апаттары тіркеліп, көліктер жолды одан сайын бөгейді. Мәліметтерге қарағанда, бір тәуліктің өзінде 70 жол апаты болған. Бір адам дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінді.

Көлік жүргізушісі:

1 сағат тұрдық кептелісте. Керек жерге жетем дегенше 1 жарым сағат. Үнемі осылай.

Хабар 24 телеарнасы