378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстанмен арадағы жетістіктерін атап өтті

  • 311
  • UPD: 18:20, 08.12.2019

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Қазақ елімен арадағы елеулі жетістіктерін атап өтті.

Ақпарат құралдары үшін таратқан мәлімдемеде авиация саласы мен лаңкестікке қарсы күрестегі өзара ынтымақтастық және Қазақстанның 600 азаматын Сириядан қайтару жөнінде келісімге қол қойылуы аталған. Сондай-ақ АҚШ-тың сыртқы істер ведомствосы ядролық қаруды таратпау ісіне Қазақстанның қосқан үлесі, бітімгерлік миссиясы және жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы әрекетін жоғары бағалайды. Бұл туралы Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан елшілігінде өткен салтанатты кеште АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс мәлімдеді. 

Ричард Хогланд, Вашингтондағы Каспий саяси орталығы директорлар кеңесінің мүшесі:

- Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікпен бірлесіп Қазақстан төмен байытылған уран банкісінің жұмысын бастап кетті. Бұл өте маңызды жоба, өйткені енді өзге елдер энергетикасы үшін қажетті шикізатты осы қоймадан ала алады. Кеңес Одағы кезінде ядролық қару орналасқан жерден Қазақстан энергетика саласында өзге елдерге жәрдем беретін елге айналды. Бұл зор жетістік.

Хабар 24 телеарнасы