432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жұмыс істейтін 1050 жас азаматқа жалдамалы пәтер кілті табыс етілді

  • 1125
  • UPD: 13:23, 14.12.2019
Елордада жұмыс істейтін 1050 жас азаматқа жалдамалы пәтер кілті табыс етілді elorda.info

Бүгін елордада мыңнан аса жас азаматқа жалдамалы пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімдігі Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай сыйлық жасауды жөн көріпті. Тұрғын үй кешені «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған. Ал, пәтерлерге құжат қабылдау қараша айында жүргізілді.

Айта кету керек, баспана елордада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз беріледі. Бұған қоса, пәтер кілтін көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да алды.

Дәурен Маратов, қала тұрғыны:

- Біздің мемлекет тарапынан осылай жұмыс істейтін жастарға баспана беріп жатқанына қуыныштымын өте. Рахмет ҚР Президентіне, мемлекетімізге жастарға жұмыс істеуге, өз отбасын бақытты қылуға жастарға мүмкіншілік беріп жатқанына.

Хабар 24 телеарнасы