425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдіктер Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүре алады

  • 1087
  • UPD: 11:23, 31.12.2019
Шетелдіктер Қазақстанда тіркеусіз 30 күн жүре алады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге елге келген шетелдіктерді тіркеу тәртібін жасап шықты, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

ІІМ елімізде 30 күнге дейін болатын барлық санаттағы шетелдік азаматтарды уақытша тіркеу тәртібін тоқтатады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық заңнамаларды жетілдіру және жеке тұлғалардың құқығын қорғауды күшейту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Ол БАҚ-та жарияланғаннан кейін 10 күнде күшіне енеді.

Шетелдік қонақтың келгені жөнінде қабылдаушы тарап көші-қон қызметін елге келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс.

Шетелдіктің Қазақстанда болуы туралы хабарлау рәсімі бүгінгі күні барынша жеңілдетілген және көші-қон қызметінің бөлімдеріне баруды талап етпейді.

Визалық көші-қон порталында www.vmp.gov.kz мына талаптар орындалуы қажет:

– Шетелдік туралы және қажет болған жағдайда оның балалары туралы мәліметтерді толтыру;

– Толтырылған өтінім нысанына ЭЦҚ көмегімен қол қою;

– 15 минуттан кейін Жеке кабинетте сақталатын дайын құжатты алу.

Шетелдік азамат Қазақстан аумағында 30 тәуліктен артық болған кезде қабылдаушы тарап (қонақ үйлер, хостелдер, жалға берілетін пәтерлер, емдеу-алдын алу мекемелері және басқа да заңды және жеке тұлғалар) мейманға уақытша болуға рұқсат ресімдеуге міндетті.

Хабар 24 телеарнасы