376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Тегеран маңындағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

  • 185
  • UPD: 19:36, 08.01.2020
Мемлекет басшысы Тегеран маңындағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Тегеран маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында «Украина халықаралық әуежолы» компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады.

Биылғы 8 қаңтарда «Украина халықаралық әуежолы» компаниясының әуе кемесі Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында шамамен 180 жолаушы болған.

 

Хабар 24 телеарнасы