375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы дельфинарий жануарларды қорғаушылардың алаңдаушылығын тудырды

  • 279
  • UPD: 09:26, 20.01.2020

Әсіресе, олар су сүтқоректілері сауықтық мақсатта қолданылып, қожайындары тарапынан қысым көретініне сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал оның иелері, керісінше дельфиндер адам қамқорлығынсыз өмір сүре алмайтынын алға тартады.

Дельфин – қызыл кітапқа енген сүтқоректілердің бірі. Оны аулауға да, сатуға да қатаң тыйым салынған. Ал дәл мына балықтар 2000 жылдары ғылыми зерттеу жүргізу мақсатында ұсталған деп сендірді дельфинарий жетекшісі. Негізгі отаны – Ресей. Біздің елге өткен жылдың қыркүйегінде әкелінген.

Борис Духанин, дельфинарий жетекшісі:

- Бұл балықтар табиғатта емес, осындай бассейнде дүниеге келген. Адам қолына әбден үйренген. Соған сәйкес, біз де оларға барынша жайлы жағдай жасауға тырысамыз. Осы мақсатта, тіпті шетелден заманауи құрылғылар сатып алынды.

Сауықтық орталықтың дәлізінен тұз толтырылған қаптарды байқадық. Балықтар өзін теңізде жүргендей сезіну үшін оны арнайы технология бойынша бассейнге себеді. Бұған қоса, суды сүзгілеудің тың технологиясы қолданылады. Яғни екі бірдей құрылғы тәулік бойы басссейннің тазалығын қамтамасыз етеді. Ал дельфиндердің қорегі – кәдімгі балық. Оны берудің де өзіндік әдісі бар.

Андрей Иванов, дельфиндердің жаттықтырушысы:

- Күнделікті жұмыстан кетерде ваннаны балықпен толтырамыз. Ол екінші күнге дейін толық ериді. Сосын ірілерін бөлшектейміз. Ал ұсақ балықтарды солай жұта береді.

Су жануарларының денсаулығы да жіті қадағаланып отырады. Яғни айына бір рет қан сынамалары алынып, арнайы орталыққа тапсырылады. Бұған қоса, оларды бақылауда ұстайтын дәрігер де бар. Сондықтан мұнда олар өзін өте жайлы сезінеді. Ал еркіндікке, табиғат аясына жіберілетін болса, алғашқы күні-ақ өліп қалуы мүмкін дейді мамандар.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ермек Кеншебек

Хабар 24 телеарнасы