419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев Ресей үкіметінің төрағасын қабылдады

  • 786
  • UPD: 14:06, 01.02.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинді қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстан Президенті Михаил Мишустинді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Одан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақ аясында мемлекеттер арасындағы алыс-берісті арттыру жайын тілге тиек етті. Өз кезегінде Михаил Мишустин Қазақстан тарапына жылы қабылдағандары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты тамашалауға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сіз Үкімет төрағасы ретіндегі алғашқы шетелдік сапарыңызды Қазақстанға жасап отырсыз. Мұның символикалық мәні бар әрі біздің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы стратегиялық ынтымақтастықты және өзара іс-қимылдарды дамыту тұрғысынан да маңызы зор. Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің отырысына қатысқаныңызды білемін. Онда бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі – цифрландыру талқыланды. Қазақстан бұл іспен белсенді айналысуда. Дәл осы сала бойынша сіздердің тәжірибелеріңіз мол. Сондықтан ынтымақтастыққа ниеттіміз.

Михаил Мишустин, РФ үкіметінің төрағасы:

– Ресей мен Қазақстанды бауырластық, серіктестік және одақтастық қарым-қатынастар байланыстырады. Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдар қарқынды дамып, аймақаралық байланыстар мен іскерлік топтардың қарым-қатынастары нығайып келеді. Еуразиялық экономикалық интеграциялар процесінде, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да көпжақты байланыстарда біздің елдеріміз жетекші рөл атқарады.

Хабар 24 телеарнасы