426,94 518.00 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Волонтерлердің әлеуметтік бастамаларын қолдауға 400 грант бөлінеді

  • 1029
  • UPD: 13:58, 12.02.2020

ЭКСПО көрме кешенінде волонтерлерге арналған фронт-офис ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Респуликалық орталық волонтерлердің жобаларын үйлестірумен айналысады. Орталықтың ашылуына Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

– Биыл волонтерлердің әлеуметтік бастамаларына 400 грант бөлінеді. Сондай-ақ белсенді волонтерлерге арнайы сыйақы беру де қарастырылған. Бұл туралы фронт-офистің салтанатты ашылуында Президент Қ.Тоқаев мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы волонтерлер жылында ерекше қолдауды қажет ететін бірнеше бағытты атап өтті. Ол, ауыл жастары, балалар үйіндегі бүлдіршіндер, зейнеткерлер мен соғыс ардагерлері. Қазақстанда ең ірі волонтерлер қозғалысы Қарағанды облысында тіркелген. 

Айта кетейік, елімізде 200-ге жуық волонтерлер ұйымы жұмыс істейді. Онда 50 мыңнан астам адам өз еркімен қоғамның дамуына үлес қосып, игі бастамалардың қатысушысы болып жүр.

Хабар 24 телеарнасы