405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


П.Маурер Қ.Тоқаевқа елімізде ХҚК комитетінің өкілдігін ашуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты

  • 289
  • UPD: 19:54, 15.02.2020

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті. Басқосуда тараптар арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ортақ мәселелер туралы пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бастамасымен жүргізілген «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операцияларының барысында халықаралық ұйымның көрсеткен қолдауына жоғары баға берді. Ал Петер Маурер Президентке Қазақстанда Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдігін ашуға мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдірді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Петер Маурерге ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы