417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

  • 219
  • UPD: 22:21, 23.06.2020
Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Ертең, яғни 24 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады.

Қазіргі ауыр эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында Президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес үнемі тексеруден өтіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы