420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

  • 119
Қазақстанда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысына сәйкес ашық ауадағы кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді.

Әрине, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда көрермендерге өз есігін аша алады. Театрлар елу процентке дейін көрермен жинап, қойылым ұсына алады. Енді балалардың оңалту бөлмелері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс істей алады. Бірақ бір топтағы келушілер саны 15 тен аспауы керек. Квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің кемінде 50 проценті қашықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады. Ал ойын-сауық орындары, мысалы караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг, сондай ақ жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары, аттракциондар мен батуттардың қызметіне әлі рұқсат берілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы