Қазақстанда өткен тәулікте тағы 442 адам коронавирус жұқтырған.
Оның 245-і ШҚО-да тіркелді. Аймақта қауіпті дерт дендеп барады. Бұған алаңдаған жергілікті билік шектеу шараларын күшейтті. Күні кеше шығыста санитарлық 13 бекет қойылды. Оның жетеуі Өскемен қаласының кірер-шығар жолдарында болса, тағы алтауы аудан-қалалардың аумағында болады. Сондай-ақ көрші елдермен шектесетін шекара бекеттеріне де орнатылды. Бұдан бөлек СҚО-дағы өсім де жоғары. Жалпы ел бойынша науқастар саны 112 мыңнан асып кетті.