420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады

  • 1178
  • UPD: 15:23, 27.11.2020
Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады

Қазақстандықтар желтоқсан айында мереке мен демалыс күндерін қосқанда 11 күн демалады.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай қазақстандықтар аптаның сейсенбісінде демалады. Сонымен қатар Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсанда ресми түрде аталып өтіледі. Осы екі күндік демалысқа 18 желтоқсан қосылып, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16-19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

18 желтоқсан демалыс болғандықтан, 20 желтоқсан жексенбіге сай келсе де жұмыс күні болып бекітілген. Осылайша, қазақстандықтар жылдың соңғы айында 11 күн демалады.

Хабар 24 телеарнасы