365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

С.Демирел университетінде INFOMATRIX-ASIA халықаралық компьютерлік жобалар байқауы басталды

  • 337
  • UPD: 09:50, 14.04.2018

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінде INFOMATRIX-ASIA атты VI халықаралық компьютерлік жобалар байқауы басталды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізінде өтіп жатқан жарысқа әлемнің 15 елінен жас өнертапқыштар келген.

Дарынды балалар жеті аталым бойынша, яғни көлік, протез, көмекші робот және ақпараттық технология саласына арналған тың жобаларымен сынға түседі. Ал ақылды дрондар халықаралық байқауға алғаш рет қатысып отыр.

Ахмет Ташкын, «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы:

– Бұл дронды толықтай қолдан жасалған деуге болмайды. Әртүрлі бөлшектерін ғаламтор арқылы тапсырыс беріп алып, құрастырдым. Негізгі платаны және басқаларын жеке-жеке сатып алдым.

Компьютерлік жобалар байқауына 15 елден 450-ден аса өнертапқыш қатысуда. Олардың арасында Орталық Азия, АҚШ, Еуропа және Африка құрлығынан келген балалар бар. Халықаралық байқау ертең қорытындыланады. Жүзден жүйрік шыққан жоба авторлары Сүлеймен Демирел университетінде оқу грантына ие болады.

Мейірбек Мәжитов, Сүлеймен Демирел университетінің президенті:

– Осы болашақты одан ары дамыту бұл маңызы зор. Өйткені оқушыларымыз өз жобаларын тек қана қазақстандық емес, шетелдік әріптестерімен пікірлесіп, тәжірибе алмасып, білім алмасып, осы екі күннің ішінде үлкен бір пікір алмасу болады.

Айта кетейік, соңғы бес жылда осы халықаралық байқауда жеңімпаз атанған 300-ден аса өнертапқыш жоғары оқу орындарына түсуге мемлекеттік грант иеленген.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Ерлан Әбжанов

Осы категория бойынша: « Қарағандылық студенттер оқуға қатысты құжаттарды онлайн режимде алады Семейде оқушылар қолынан шыққан роботтар көрмеге қойылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы