364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғандағы білім ордаларының бірінде шәкірттердің бәрі грантқа оқуға түсті

  • 530
  • UPD: 09:51, 15.08.2018

Бұл Алматы облысы бойынша осындай нәтижеге жеткен жалғыз лицей. Мұндай табыстың сыры неде?

Мұхтар Арын атындағы №24 лицейдің биылғы түлектері ұстаздарымен қоштасу үшін білім шаңырағына арнайы келді. Өйткені, жақында олардың кейбірі Астанаға аттанса, енді бірі Алматыға, тағы біреулері Қарағандыға жол тартады. Алда оларды қызыққа толы студенттік өмір күтіп тұр. Әліби Қазиев ұлттық бірыңғай тестілеуден 112 балл жинап, грантқа ие болды. Ол сабақты өте жақсы оқумен қатар республикалық пән олимпиадаларына қатысып жүрген. Биология пәніне ықыласы ерекше жастың алдағы арманы – ғалым-микробиолог болу.

Әліби Қазиев, №24 лицейдің түлегі:

- Мамандығым биотехнология. Яғни өзімнің еліме, мемлекетіме болашақта үлесімді қосамын. Себебі биотехнология ол болашақ мамандықтардың бірі. Ол өте медицинамен тығыз байланысты.

Грантқа мектеп-лицейдің 27 түлегі түгелдей ие болды. Шәкірттердің көпшілігі техникалық жоғары оқу орындарын таңдаған. Бұл облыстағы осындай нәтижеге жеткен жалғыз білім шаңырағы. Түлектердің бәрі жақсы білім берген мұғалімдеріне дән риза. Тағы бір қуаныштары – биыл гранттардың саны 20 мыңға жетіп, оның ішінде техникалық мамандықтарға 11 мың орынның бөлінгені.

Нәдір Жамантай, № 24 лицейдің түлегі:

- Менің ойымша, осы жас түлектер өте жақсы оқып, елімізді көркейтетін азаматтардың қатарына қосылады. 

Биылғы жыл лицей үшін ерекше болды. Бітірушілерінің бәрі бірдей грантқа түсіп бір қуантса, 5 оқушы «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеді. 8 оқушы үздік аттестатқа қол жеткізді. Ал лицей шәкіртері республикалық пән олимпиадаларына қатысып, 8 медалді қанжығаға байлады.

Мәрия Ғалиева, №24 лицейдің директоры: 

- 2018 жылы облыстық деңгейде үздік олимпиадалық команда деген номинацияға ие болдық. 33 баламыз сол олимпиадаға атсалысып қатысып, 30-ы жаңағы бүкіл пәндерден жүлделі орын алды.

Лицейде сабақ сегізінші сыныптан бастап 3 тілде – қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі. Кейінгі 2 жылда оқытушылар физика, химия, информатика, биология пәндерін ағылшын тілінде жүргізіп, мүмкіндіктерінің мол екендіктерін аңғартқан. Лицей ұжымының алдағы мақсаты – шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жаңа оқу жылында да жоғары табыстарға жету.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев

Осы категория бойынша: « Оралда ұстаздардың тамыз кеңесіне қатысты шара кәсіпорында өткізілді Сингапурдағы олимпиадаға онлайн қатысқан оқушылар медаль жеңіп алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы