367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда екі мектеп ел игілігіне берілді

  • 475
  • UPD: 09:05, 02.09.2018

Талдықорғанда да 1200 орындық екі мектеп ел игілігіне берілді. Заман талабына сай соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақтандырылған бұл білім ошақтарының табалдырығын 400-ден астам оқушы аттады.

Ал Талдықорған қаласы бойынша жалпы саны 3 мың 300 бала 1-сыныпқа барған.

Талдықорғандағы жаңадан пайдалануға берілген бұл білім ошағы  №28 IT мектеп-лицейі болып құрылды. Онда негізінен 6-7 шағын аудандардың балары оқып, білім алады. 1200 орындық мектепке қазірдің өзінде мыңнан астам бала қабылданған. Мұнда тоғыз 1-сынып ашылды. Заңға сәйкес, 6-ға толмаған балалар да мектепке қабылданып жатыр.

Гүлжанар Еспанова, №28 IT мектеп-лицейінің директоры:

- Бұрындары, мысалы, мектепке 6 жасқа толмаған балалар қабылданбайтын болса, қазіргі таңда қыркүйек, қазан айында болсын 6-ға толатын балалар 5 жастан қабылдана береді 1-сыныпқа. Биылғы жылдың ерекшелігі сол.

Мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңыраудың соғылуы салтанатына куә болған бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Алтыға әлі тола қоймаған Әлинұр есеп шығарып, өз бетімен кітапты да оқи алады екен. 

Әлинұр Адам, 1-сынып оқушысы:

- Қаншаға дейін санай аласың? 

- 100-ге дейін.

- Оқи аласың ба?

- Иә.

- Мұнда не деп жазылып тұр.

- Хабар.

- Саны қандай?

- 24.

Ал Аяулым Жайлауға жаңа мектеп ғимараты қатты ұнапты. Ол 9 блоктан тұрады. Ішінде 60 кабинет пен екі спорт залы, екі компьютерлік класс және асхана мен кітапханасы, мәжіліс залы бар. 

Аяулым Жайлау, 1-сынып оқушысы:

- Күшті. Балалар көп. Балалар көп болған соң қуаныштымын. Маған мына жердегі бүкіл балалар ұнап тұр. -Тақпақ білесің бе? -Иә. -Айта ғой.

- Менің атым әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып келген де,

Бауыржан да, Мәлік те.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

- Осы жылы біз Алматы облысында 9 мектеп салып жатырмыз. Өткен жылы 28 мектеп салғанбыз. 9 мектептің 7-еуі іске қосылады. Мен 2001 жылы келдім Талдықорғанға. Содан бері бірде бір осындай жағдай болған жоқ, бір жылда екі 1200 орындық мектеп ашу деген.

Білім күнінде балаларға есігін айқара ашқан Талдықорғандағы қос мектепке 150-ге жуық мұғалім қабылданды.

«Сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу, сол арқылы еліміздің өсіп өркендеп, гүлденуіне үлес қосу - біздің азаматтық борышымыз. Жаңадан салынған мектептердің халық игілігіне берілгеніне балалармен бірге біз де қатты қуанулымыз. Білім қүні құтты болсын!» дейді талдықорғандық ұстаздар қауымы.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында жаңа 28 мектеп пайдалануға берілді Қызылорда облысының Қазалы ауданында заманауи мектеп ғимараты бой көтерді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы