365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан жазушылар одағы мен Ресей жазушылары бірлескен жобаларды іске асырмақ

  • 118
  • UPD: 15:25, 21.09.2018
Қазақстан жазушылар одағы мен Ресей жазушылары бірлескен жобаларды іске асырмақ

Еуразиялық әдеби форум аясында Қазақстан жазушылар одағы мен Иран жазушылар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ.

Сондай-ақ Ресей жазушылармен бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Кешеден бері өтіп жатқан басқосуда шығармаларды түпнұсқадағы мазмұнын өзгертпей, шет тілдеріне аудару, тақырып таңдау аясын кеңейту, оқырман тарту мәселелері қаузалды. Жалпы қазіргі заманғы проза, поэзия, драматургияға қатысты мәселелер де талқыға түсті. Жиынға 100-ден астам қаламгер жиналды. Қазір оқырманды қандай тақырып қызықтырады? Мына жаһандану заманында қаламгерді не толғандырады? Сөз шеберлері алдымен осы мәселелерге баса назар аудару қажет деп санайды.

Мереке Құлкенов, жазушы, драматург:

- Болашағымыз, ұрпағымыз оқитын нәрсені жазуымыз керек. Біздің ойлап жатқанымыз сол. Жалпы сөз өлген күні халық өледі. Сондықтан, сөзімізді өлтірмей, көркем сөзімізді өлтірмей кейінгі ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады? Қалай біз оларды жақындата аламыз дегенді осы форум көтеріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы