366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау: Білім саласын жиі реформалауды доғару керек

  • 224
  • UPD: 17:14, 05.10.2018

Білім саласын жөнсіз реформалай беруді тоқтату керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа кезекті жолдауында осы мәселені де көтерді.

Президент «шегі жоқ» өзгерістердің кесірінен, оқушылардың сапалы білім алуы кенжелеп қалуы мүмкін деді. Сондықтан Қазақстандағы барлық мемлекеттік орта білім ордаларына Назарбаев зияткерлік мектептерінің білім беру әдісін енгізу қажет деді. Бұл қадам жасанды интеллект қалыптастыруға, оқушылардың жаңа технологияны меңгеруіне және инновациялық жобалар жасауына мол мүмкіндік бермек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Основные подходы определены, теперь нужно сконцентрироваться на их исполнении. Методика обучения Назарбаев интеллектуальных школ должна стать единым стандартом для государственных школ, я имею в виду именно методы и стандарты. Это будет окончательное решение в череде бесконечных реформ школьного образования. Эти школы показали свою эффективность. Давайте ее возьмем для остальных школ. Система оценки должна основываться на международных стандартах. Наши дети - это дети планеты завтра, мы должны их готовить. В школе нужно проводить профдиагностику. 

Одан бөлек Мемлекет басшысы Қазақстандағы мектептер мен балабақшаларды толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықтауды тапсырды. Сондай-ақ үкіметке Назарбаев Университетімен бірлесіп, жасанды интеллект технологиясын әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу институтын құруды жүктеді. Ондағы мақсат - баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, интернет заттары және блокчейн секілді болашақтағы экономиканың бағыттарын дамытуға жағдай жасау.

Хабар 24 телеарнасы