379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2019 жылы Қазақстанда «Физика комиксте» топтамасы шығады

  • 403
  • UPD: 12:27, 20.12.2018
2019 жылы Қазақстанда «Физика комиксте» топтамасы шығады

Ол енді ғана мектепте ғылымды оқуды бастаған 10-12 жастағы балаларға арналған.

Физиканы дәріптеуге бағытталған осындай комикс шығару елімізде алғаш рет іске асырылып отыр. Жобаны Алматыдағы академик Шахмардан Есенов атын. қордың командасы жүзеге асырды.

– Ақпан айында бізде ғылымды балалар арасында дәріптеуге өз үлесімізді қалай қоссақ болады деген сұрақ туындады. Идея ретінде атақты Яков Перельманның «Занимательная физика» жұмысын негіз ретінде алуға шешім қабылдадық. Талқылау барысында бұл балалар үшін қызықты болуы керек деген тұжырымға келдік. Олар түрлі оқиғалар арқылы күнделікті өмірдің әр минутында кездесетін физика заңдарымен танысады, – деп жоба үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов айтып өтті.

«Физика комиксте» құрастырушыларының идеялары бойынша, топтаманың арнайы жасалған басты кейіпкерлері физиканың заңдарын өз жолдарында кезіктіретін болады. Әр шығарылымда олар Қазақстан бойынша саяхат жасап, жолай оқырман балақайларды Шарын шатқалы, Каспий теңізі немесе Үстірт қорығы сияқты еліміздің көрікті жерлерімен таныстырады. Комиксте ғажайыптар мен қосымша танымдық ақпараттар да бар. Мысалы, балалар Алматы облысының атақты мистикаға толы Қайыңды көлінің қалай пайда болғаны жайлы білетін болады.

Комикс сюжетінің авторы және құрастырушысы, Khan Comics студиясының негізін қалаушы Оразхан Жақып қор жобасымен жұмыс барысында алған әсерімен бөлісті:

– Бізге ғылымды жасөспірімдер экшнына айналдыра отырып, сценарийді өзімізге жазуды ұсынды. Тапсырма қызықты болып көрінді және де өз кезегінде бұл біз үшін бір сын-тегеурін болды: құрғақ формулалар негізінде ең талғампаз аудиторияны қызықтыратындай сюжет ойлап табу! Сонымен қатар жоспарланған мерзімнен ауытқымай, сапаның жоғары деңгейін ұстау қажет болды. Топтаманың бас суретшісі болып Данияр Орынбаев тағайындалды, сондай-ақ шығарылымдармен бірнеше колорист жұмыс жасады. Қазіргі таңда біз 4-шығарылымның суретін салып жатырмыз, ал сценарий бар топтамаға толықтай жазылып қойған. Барлығы 10 нөмірден тұратын болады.

Топтамада 4 басты кейіпкер – төрт қарапайым жасөспірім бар. Олардың әрқайсысынан қазақстандық оқушылар өздерін және достарын танитын болады.

– Олар ешбір супер-қабілеттерсіз өте қарапайым жасөспірімдер. Алайда Әлібекті ерекшелеуге болатын шығар. Ол ғылымға ғашық, өзі ашық энциклопедия сияқты, кейде тіпті ақылгөйсіп кетеді, – деп сипаттады Данияр Орынбаев «Физика комиксте» бас кейіпкерлерін. – Ерік мықты әрі белсенді, таза ауада серуендегенді ұнатады. Руслан – әдеттегі қалалық жасөспірім, видеоойындарды және комикстерді жаны сүйеді. Бұл үштікті тамаша Ника толықтырады. Ол көптеген қыздар сияқты ынталы әрі ұқыпты, алайда оның сыртқы түр-әлпеті рок-музыканың жанкүйеріне ұқсайды.

«Физика комиксте» алғашқы шығарылымы мемлекеттік және орыс тілдерінде 2000 дана таралыммен басып шығарылады. Ш.Есенов қорының хабарлауынша, тираждың жарты бөлігін Алматы мектептері арасында тарату жоспарланып отыр. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап комикс топтамалары еліміздің ең үлкен кітап дүкендерінің сөрелерінде пайда болады деп күтілуде. Комисктің алғашқы топтамаларының іске асырылу барысы «Физика комиксте» жобасының жалғасы бола ма, жоқ па, соны айқындайды.

Хабар 24 телеарнасы