379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөзде 600 орындық мектеп ел игілігіне берілді

  • 371
  • UPD: 13:52, 02.01.2019
Аягөзде 600 орындық мектеп ел игілігіне берілді

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында 600 орындық мектеп ашылды. Білім ордасын салуға мемлекет қазынасынан 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған екінші мектеп. «Оңтүстік» қалашығында бой көтерген әлеуметтік нысан үш ауысымды білім алу мәселесін толығымен шешті. Бұрын мұндағы мыңға жуық оқушы 340 орындық ескі ғимаратта білім алуға мәжбүр еді. Қалашықта негізінен әскерилер тұрады. Тұрғындар саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан бұрынғы мектеп ғимараты жөндеуден өтіп, балабақша ретінде қайта іске қосылмақ. Ол үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. 

Мәди Тілеуғалиев, оқушы:

- Жаңа кабинеттер ашылды. Жаңа робототехника, ағылшын курстары ашылып жатыр. Біз жалпы осы мектепте оқығанымыз үшін бақыттымыз. Бізден білімді оқушылар мен дарынды шәкірттер шығатынына біз сенімдіміз. 

Айгерім Омарбекқызы, «Оңтүстік» қалашығының тұрғыны:

-Алдыңғы мектебіміз біраз кішірек болғандықтанқалаға апарып, солай алып-келіп жүретінбіз. Қазір міне, керемет жаңа мектебіміз ашылып, Елбасының арқасында. Осындай мектепке кіріп, жақсы жетістіктерге жетіп жатырмыз. Көп рахмет барлығына! Біздің балаларымыз, «Оңтүстік» қалашығының тұрғындары, ата-аналары барлығы керемет қуанышта.

Хабар 24 телеарнасы