389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев Университетінде отандық білім саласының мәселелері талқыланды

  • 426
  • UPD: 13:00, 23.05.2019
Назарбаев Университетінде отандық білім саласының мәселелері талқыланды

Отандық білім және ғылым саласындағы Қазақстанның алған бағыты дұрыс, бірақ атқарылар істер де жоқ емес.

Назарбаев Университетіндегі келелі жиында бас қосқан шетелдік білім басқармаларының өкілдері осындай пікір білдірді. Олар қазақстандық әріптестерімен мектеп пен жоғары оқу орындарында білім берудің тың әдістерін енгізу, тіл саясаты мен саланы цифрландыру туралы сөз етті. Сондай-ақ шараға ЮНЕСКО-дан халықаралық сарапшылар да қатысты. Олардың айтуынша, оқытушылар құрамын жаңарту үшін елдегі ұстаздар қауымын қайта даярлау қажет. Сонымен қатар заманауи инфрақұрылымға баса мән беріп, жастар үшін орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарына түсу қолжетімділігін арттыру керек. Шара соңында жиынға қатысушылар азаматтардың өмір бойы білімге деген құштарлығын бәсеңдетпеу және көптілділік қағидатын ұстану қағидатына маңыздылық берді.

Сара Сейітқызы, ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясы үштілділік білім орталығының директоры:

- Бұл конференцияда ең өзекті мәселелер ол көптілділік. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру керек. Екіншіден, латын әліпбиіне көшу мәселелері, сонымен қатар цифрландыру мәселесі. Әзербайжаннан келген біздің әріптесіміз латын әліпбиіне қалай көшкенін, қандай мәселелер болды, көшу кезеңінде қандай қиындықтардан өтті, сол осындай мәселелерді талқылап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы