382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысы бойынша 200 білім беру гранты бөлінді

  • 147
  • UPD: 15:10, 03.06.2019
Алматы облысы бойынша 200 білім беру гранты бөлінді

Алматы облысындағы көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына 100 білім беру гранты бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, еңбек нарығының қажеттілігіне байланысты биыл 200 грант қарастырылған. Қазір бұл бағытта комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Іріктеу шілде, тамыз айларында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында өтеді. 100 гранттың иегері атану үшін сертификатпен қоса талапкерлердің көп балалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққанын растайтын анықтама талап етіледі.

Майгүл Омарова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Облысымызға грант қажетті мамандықтарға беріледі. Ол бойынша біз осы уақытқа дейін барлық жоғары оқу орындарымен келісімшартқа отырғанбыз. Тиісті салаға сәйкес қажеттіліктер бүгінгі күнге шейін анықталды. Соған сәйкес, гранттар да жоғары оқу орындарына берілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы