382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңырдағы Гагарин старт алаңы жаңартылады

  • 125
  • UPD: 23:24, 08.06.2019
Байқоңырдағы Гагарин старт алаңы жаңартылады

Роскосмос мемлекеттік корпорациясы мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Гагарин старт алаңын жаңарту туралы келісімге қол қойды.

Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңартуға 87 млн доллар мөлшерінде инвестиция тартылады. Жоба аясында ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңын (Гагарин старт алаңы) жаңарту және бұл жерді «Союз-2» тасымалдаушы зымырандарын ұшыруға пайдалану көзделіп отыр.

Ақпаратқа сәйкес, РТИҚ және өзге серіктестердің инвестициялары ғарыш айлағының жерүсті инфрақұрылымын жаңартып, Ресейдің ғарыш өнеркәсібінің бәсекеге қабілетін арттыруға септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы