389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде тест тапсыру орталықтары ҰБТ-ға дайын

  • 334
  • UPD: 09:42, 19.06.2019
Ақтөбеде тест тапсыру орталықтары ҰБТ-ға дайын

Ақтөбеде 2425 мектеп түлегі ұлттық біріңғай тест тапсыратын болады.

Олардың арасында 159 «Алтын белгі» және жүзге жуық үздік аттестат иегері бар. Қазір қаладағы екі жоғарғы оқу орны мен бір мектепте тест тапсыру орталығы жасақталған. Аудиторияларға бейне бақылау камералары орнатылып, қажетті талаптар ескеріліп жатыр. Қауіпсіздік шаралары да қатаң бақылауда болады. Ал талапкерлердің сынақ тапсыру сәтін ата-аналар ғимараттар алдына орнатылатын үлкен экрандар арқылы көре алады. Облыс орталығында ҰБТ тапсыру маусымның 21 мен 26 аралығында өтеді.

Жұлдыз Шалабаева, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

-Түлектердің 1844 қазақ тілінде, 577-сі орыс тілінде тапсырады және биыл 4 түлек ағылшын тілінде тапсыруға өтініш жасап тұр. Тест тапсыру орталықтары ай пи камералар жабдықталған. Ұлттық біріңғай тестілеу орталығы базасына ақпарат берілу үшін, бақылау үшін қойылған.

Хабар 24 телеарнасы