388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында ҰБТ он бес арнайы орында өтіп жатыр

  • 631
  • UPD: 15:32, 22.06.2019
Ақтөбе облысында ҰБТ он бес арнайы орында өтіп жатыр

Ақтөбе облысында ұлттық біріңғай тестілеу 15 арнайы орында өтіп жатыр. Басым бөлігі өңір аудандарында орналасқан.

Маусымдағы сынақты тапсыруға биылғы мектеп түлектерінің 83 пайызы өтініш берген. Олардың арасында «алтын белгі» және «үздік аттестат» иегерлері де бар. Ал қаладағы  №8 орта мектепте өткен сынаққа 340 талапкер қатысты. Оның барысын еліміздің білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен мемлекеттік комиссия мүшелері бақылады. Ережеге сәйкес қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды. Жалпы қала бойынша үш бірдей арнайы орталық жасақталған.

Гүлназ Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Жалпы тест барысында кешегі күні бізде құқықбұзушылық болған жоқ. Бүгінгі күні облыстың 4 ауданында және Ақтөбе қаласындағы 8-мектепте орналасқан ҰБТ пунктінде 1167 оқушы тапсырғалы отыр. Ал жалпы қортындысы ұлттық біріңғай тестілеуді тапсырғаннан кейін сол күні кешке міндетті түрде балаларға жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы