386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арнайы қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтар жазғы демалыста жабық тұрады

  • 84
  • UPD: 18:39, 15.08.2019

Қазақстан қалаларында 13 инклюзивті білім беруге арналған ресурстық орталық ашылды. Бұл орталықтар арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалаларға арналған. Ал жазғы демалыс кезінде бұл орталықтар жабық болады екен. Ұйымдардың жыл бойы жұмыс істеуіне не кедергі? 

9 жасар Қайсар Ерсабит болашақтан үміті зор. Әжесінің жанында отырып, сурет салам, әнші болам дейді. Бірақ та арманы тым алыста. Нәресте кезінде алған инсульттың салдарынын қолы жансызданып қалған, өзімен қатар сыныптастарына қарағанда берілген тапсырмаларды орындауға да көп уақыт жұмсайды. Қайсар баратын орталық, оның  қатарластарынан қалмай, ортада  өзін емін-еркін ұстауына, қалауынша жүріп тұруына өз себін тигізеді. Бұл орталық балаларды қорғау қорының көмегімен ашылған. Мұнда Қайсар 4 жылдан бері келіп жүр.

Алма Ілиясова, Қайсардың әжесі:

- Баланың мына қатарына қосылуына барлық жағдадйды жасап жатырмыз. Осы орталықтың болғанына өте қуаныштымын. Сау балаға тенесіп, соларға ұмтылып, қызығып, өте пайдасы көп деп ойлаймын. 

Мұндай орталықтар өзіндік ,арнайы әдіс-тәсілдердің  көмегімен  Қайсар секілді балалардың оңалуына көмегін тигізетіні мәлім. Алайда орталықтарға да ортақ қиындықтар бар. Және де бұл мәселелер жылдар бойы өз шешімін таппай келеді.

Мысалы, Қазақстанда  арнайы оқулықтардың болмауы, көру қабілеті төмен немесе нашар көретін балаларға арналған оқу құралдарының тапшылығы. Қазақстанда жеткіліксіз болғандықтан, көрші Ресейден арнайы тапсырыспен алуға мәжбүр, алайда ол елде оқу бағдарламалары мүлдем басқа. 

Балжан Копобаева, балалар қайырымдылық қоры - жоба жетекшісі:

- 1, 2, 5-сынаптарға арналған оқулықтар ғана бар. Осыған дейін тек 1-сыныптарға арналған оқулықтар болды. Сондықтан мұғалімдерге мектеп бағдарламаларынан тапсырмаларды алып, «Брайль» шрифтоны сүйене отырып, арнайы тапсырмаларға жасауына тура келді.

Қазақстан бойынша жүздеген бала мамандандырылған көру қабілеті төмен және нашар көретін балаларға арналған сыныптарда білім алады. Бүгінгі таңда 190 жуық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері өз есігін тегін айқара ашуда, жыл соңына дейін  олардың қатарын тағы да  толықтыру жоспарда бар дейді мамандар. Ең бастысы, осы балаларға әлгі кабинеттерге тегін қаралады. 

Авторлары: Аягүл Бекенқызы, Ермек Кенжебек

Хабар 24 телеарнасы