386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы: Ағылшын тілін оқытуда ата-аналардың қалауы ескеріледі

  • 198
  • UPD: 13:56, 16.08.2019

Ағылшын тілін оқытуды 2-3-сыныптан немесе ата-аналардың қалауымен 5-сыныптан бастап оқыту керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында осылай деді. Президент үш тілді білім беру жүйесін енгізу күн тәртібіндегі өте өзекті мәселе екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір бала алдымен ата тілін жетік білуі керек. Басымдықты соған беруі тиіс. «Кейін өзге тілдерді меңгеруге құлшынғаны абзал», деді. Сондай-ақ мемлекет басшысы жоғарғы сынып оқушыларына жаратылыстану-техникалық бағытындағы пәндерді мектептердің дайындығына қарай оқыту қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті», - дейді академик Ахмет Жұбанов. Бұл сөз біз үшін негізгі ұстанымға айналуы тиіс. Үш тілді жүйеге көшу оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығына қарай жүзеге асады. Бұл ретте, ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндігіне қарай, оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан ағылшын тілін оқытуды 2-3-сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын. Ал, жоғары сыныптарда жаратылыстану-техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарап жүргізу қажет.

Сондай-ақ мемлекет басшысы жергілікті әкімдіктер мұғалімдерді түрлі шараларға жұмылдыру жұмыстарын дереу доғару керектігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұстаздар қауымын басқа жұмыстарға тарту арқылы әкімдер өз қызметтерін асыра пайдаланып отыр», - деді. Одан бөлек, Президент мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын жіті бақылау қажеттігін айтты. Сөйтіп, Үкіметке арнайы заң қабылдауды тапсырды. Өйткені кейінгі жылдары еліміздегі бөбекжайларда бүлдіршіндерді ұрып-соғу деректері жиілеп кеткен. Қасым-Жомарт Тоқаев «мұндай басссыздықты болдырмау», - қажет деді.

Хабар 24 телеарнасы