387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Университеттерде дипломды электронды форматта беру қарастырылып жатыр

  • 159
  • UPD: 20:19, 22.08.2019

Білім беру мекемелеріндегі штаттық кесте, тарифтер, оған қоса мектеп, колледж директорлары мен жоғары оқу орындары ректорларының есебі ғаламторда жариялануы тиіс.

Еліміздің білім және ғылым министрлігі осындай бастама көтеріп отыр. Мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдық педагогтардың жұмысындағы ашықтықты арттырады. Бастысы, бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алады.

Жоғарғы оқу орындары мен колледждерде емтихан бағалары ақшаға сатылатыны бұған дейін де айтылып жүрген. Биыл көктемде Ақтөбеде студенттер арасында  жасырын сауалнама жүргізілген еді. Нәтижесінде жаға ұстатарлық деректер анықталды. Студенттер оқытушылардың емтихан бағасы 5 мыңнан  80 мың теңгеге дейін сататынын айтқан. Тіпті  оларды өздері жазған кітапты алуға мәжбүрлеген. Тіпті кейбірін грантқа ауыстырып беруге уәде берген.

Расул Медетов, ҚР МҚІА Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы:

- Жоғарғы оқу орындарындағы осы тектес былықтар Елбасыға дейін жеткен. «Ақшаға сатып ала салатын білім қандай болмақ? Сонда біз қандай маман дайындаймыз» деді «Нұр Отан» саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында. Еуропада мұндай жайт мүлдем орын жоқ. Тіпті онда пара беру туралы ешкім ойға алмайтындығын да атап өтті. Елордалық ұстардың пленарлық кеңесінде білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпова осы пробемаға баса назар аударуға шақырды. Оқу орындарында ашықтықты қамтамасыз етіп, жемқорлықты болдырмау бағытында жұмыс істеуге үндеді.  

Фатима Жақыпова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Мен барлық ректорлары мен ғылыми ұйымдардың басшыларын осы бағыттағы  жұмысты күшейтуге шақырамын. Сондықтан министрлік барлық ақпарат интернет-ресурстарда көпшілікке қол жетімді болуы керек деген шешімше келді. Штаттық кесте, тарифтер, оқу орны мен ұйым басшыларының есептерінен халық хабардар болғаны жөн. Осы бастамаға қолдау білдірулерін сұраймыз.

Осыдан бір ай бұрын министрлік жанынан ашылған «Адал білім» жобалық кеңсесі академиялық тұтастық пен адалдық принципін қағидаттарын  жүзеге асырады. Бұл мекеме жастарға сапалы және қол жетімді білім алуға кедергі келтіретін жағымсыз әрекеттерді бірлесіп жою мақсатын көздейді.

Сергей Пен, ҚР БҒМ «Adal Bilim» жобалық кеңсесінің әкімшісі:

- Біз министрліктің өзіне сонымен қоса КВАЗи секторға Бұл дегеніңіз 48 мекеме. Бюджет қаржысының қаншалықты тиімді жұмасалғанын тексердік. Ұсыныстармызды, анықталған фактілерді министрге сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысына беріп отырамыз. Біз енді функионалдық модельді енгізу жайын да қарастырып жатырмыз. Бұл қысқа мерзімді ғылми жобаларды қаржыланумен шектелмейді. Ол ғалымдарды, дайындау мамандардың жалақысын көтеруге қатысты іс шаралар болмақ. Бұл турасында  Елбасы да айтып, нақты міндеттер жүктеді.   

Бұдан былай университеттер мен колледждерде сауалнамалар тұрақты түрде жүргізілмек. Жемқорлықтың жолын кесуде студенттердің белсенділігі аса қажет. Айт кетейік,  университеттерде дипломды электронды форматта беру мәселесі қолға алынып жатыр. Бұл жүйе де  жемқорлықтың жолын кесуге септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы