386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда 200 орындық жатақхана желісі салынып жатыр

  • 141
  • UPD: 14:20, 25.08.2019

Павлодар облысының колледждеріне өзге өңірлерден келетін студенттер үшін жатақханалар желісі салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін оқуға келген 400 ұл-қыз екі орындық бөлмелермен қамтылады. Қазіргі уақытта құрылыс қызу. Еліміздің ірі өндіріс ошақтары үшін кадр даярлайтын Ақсу қара металлургия колледжінде жатақхана бұрын-соңды болмаған. Бұл оқу орнында Қарағанды мен шығысқазақстандық студенттер білім алады. Оларды орналастыру үшін 670 млн теңгеге 200 орынға шақталған жатақхана бой көтеруде. Мұнда студенттерге жаттығу залдары, асхана мен кең бөлмелер ұсынылады. «Алдағы уақытта тағы екі орта білім беру орнында жатақхана салынады», - дейді мамандар.

Ринат Дүйсекеев, Ақсу қара металлургия колледжінің директоры:

- Бұл нысанды көп күттік. Бүгінде білім алатын 445 студенттің 200-ге жуығы ауылдан келген жастар. Олар туыстарын паналап, пәтер жалдауға мәжбүр. Жатақхана бұл мәелелерді жоюға сеп болады деген сенімдемін.

Әлия Әубәкірова, облыстық білім беру басқармасының бас маманы:

Бүгінде колледжерде жатақханалар бойынша 1,5 мың орын тапшы. Қазіргі уақытта Ақсу қара металлургия, Павлодар көлік және коммуникация колледжінде екі жатақхана салынып жатыр. Сонымен қатар Павлодар педагогикалық колледжінің 200 орындық жатақханасының жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Хабар 24 телеарнасы