389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


80 студент ҚР Тұңғыш Президенті қорының стипендиясына ие болды

  • 239
  • UPD: 15:20, 27.09.2019
80 студент ҚР Тұңғыш Президенті қорының стипендиясына ие болды

Әлеуметтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ерекшеленген еліміздің 80 студенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының стипендиясына ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған республикалық байқау биыл 9-шы рет өтіп отыр. Байқау екі турдан тұрады. Біріншісі, оқу орнында өткізілсе, шешуші кезеңде Қор,.. Жоғары оқу орындары ұсынған студенттер арасынан үздіктерді анықтайды. Биыл өткізілген конкурсқа 350-ден астам студент қатысып, оның 80-і жеңімпаз деп табылған. Жобаның негізгі мақсаты – белсенді жастарды қолдау. Жеңімпаз студенттер шәкіртақыны бір жыл алады.

Қанат Ислам, кәсіби боксшы:

- Осы арада отырған жастардан алла жеткізсе, қазақ еліне тірек болатын, елге адал қызмет ететін, елге тұтқа болатын жігіттер мен біздің азаматшалар отыр деп. Сондықтан барлықтарыңызға табыс тілеймін. Бұл өмір бокс секілді, жеңіс пен жеңілістен тұрады. 001620 Әрқандай жағдайда да босамаңыздар.

Сырым Жанжігітов, магистрант:

- Стипендия бұл мен үшін тек стипендия ғана емес, бұл сонымен қатар Қазақстан республикасының азаматтарының белсенді жастарының айнасы деп білемін. Яғни, осы стипендия арқылы біздің ғылымның дамуына одан әрі үлес қосуға  өзімнің септігіміді тигіземін деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы