389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы өнер колледжінің мұғалімі 86 пианисті тәрбиелеп шығарған

  • 153
  • UPD: 22:51, 03.10.2019

Петропавл қаласындағы өнер колледжінің оқытушысы Елена Мещеркина ұстаздық жолында 86 пианист тәрбиелеп шығарды.

Шәкірттері оны Бетховеннің жалғасы деп атап кеткен. Неге? Оны әріптесім Айдарбек Айтмұхамбетұлы біліп қайтты.

Чайковский, Шопен, Дебюсси, Равельдердің романстары. Елена Мещеркина музыка әлеміндегі танымал тұлғалардың туындыларын ерекше талғаммен орындайды. 

Бұл Елена Мещеркинаның есінен кетпейтін сәт. 

Ол бір сахнада танымал әнші Рубен Лисицианмен өнер көрсетті. 

Елена Мещеркина, өнер колледжінің оқытушысы:

- Ол менің өнерімді көріп, «осындай шағын ғана қалада талантты пианистпен кездесемін» деп ойламадым. Бұл өте жоғары баға. Содан кейін ол маған хат та жазды. 

Елена Мещеркина фортепианода бес жасынан ойнай бастады. Бүгінде білгенін жастарға үйретіп жүр. Ол бұл жолда 86 пианист тәрбиелеп шығарған. Солардың бірі София Масленникова. 

София Масленникова, өнер колледжінің студенті: 

- Музыка – құдіретті өнер. Елена Мещеркина менің жан – дүниеме жақын туындыларды таңдайды. Оны сезіне орындау бір бақыт. 

Дарынды музыкантты толғандыратын бір мәселе бар. Ол: ескі аспаптар. Елена Мещеркина сонда да өнермен өмір сүреді.

Елена Мещеркина, өнер колледжінің оқытушысы:

- Туған жеріңде кәдеге жара дейді. Мен осында оралып, өнерге тынбай қызмет етіп келемін. Одан асқан бақыт жоқ. Туған өлкемді жақсы көремін. 

Жақында Қазақстанның білім беру ісінің үздігі 70-ке толды. Ол зейнет жасында болса да, өнерден қол үзген жоқ. Музыка оның өмірі.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы