385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Kundelik.kz: интернет болмағанда баға қалай қойылады

  • 338
  • UPD: 17:25, 01.11.2019
Kundelik.kz: интернет болмағанда баға қалай қойылады youtube.com

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова интернет болмаған жағдайда «Күнделік.кз» журналына баға қою мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Вице-министрдің айтуынша, тұрғылықты аймақ интернет жүйесімен қамтылмаған болса, ол мектептер күнделіктерін, журналдарын тек қағаз түрінде толтыруы тиіс.

«Интернет жоқ болса, ол жерде электронды журнал да болмайды. Бірақ міндетті түрде қағаз журнал болуы тиіс. Бұл ретте электронды журналдың жағымды тұстарын да атап өту қажет. Ол арқылы әр ата-ана баласының нақты нәтижесін көріп отырады. Мұғалімдер оқу жүйесінің сапасына толық талдау жасай алады. Күнделік жүйесін біз әрі қарай дамытамыз. Бұл ретте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылып жатыр», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы