384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық Абзал Мырзаш 15 жасында университет бітіреді

  • 323
  • UPD: 10:30, 19.11.2019
Қазақстандық Абзал Мырзаш 15 жасында университет бітіреді

Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жастағы Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр дипломын алады.

«Соңғы күндері бүкіл әлем тоғыз жасар бельгиялық Лоран Симонстың ерекше дарыны жайлы пікір таластыруда. Электротехника бойынша білім алып жатқан жас дарын жер жүзін аузына қаратып, тез оқу қабілетімен жұртты таң қалдыруда. Біздің елде де сондай дарынды балалар жетерлік. Солардың бірі Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады», - деп Білім және ғылым министрлігінің Facebook парақшасында жарияланды.

Жас данышпан осы күнге дейін негізгі мамандығымен қатар, бірнеше өзге салалар бойынша білім алуда.

Ақпараттық технологиялар бағытында ізденіс үстінде жүрген Абзал ЖОО-дан кейін Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді мақсат еткен.

Хабар 24 телеарнасы