423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

234 үміткер «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

  • 1134
  • UPD: 22:24, 27.11.2019
234 үміткер «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Олар магистратура мен доктарантурада білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберіледі. Стипендия иегерлерінің басым бөлігі Ұлыбританияда оқитын болады.

Айта кетейік, бағдарлама жүзеге асырылғалы еліміз бойынша 11 мыңға жуық маман дайындалған. 2020 жылдан бастап жаңа тәсілдер енгізілмек. Ол конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның жұмысын оңтайландыруды көздейді.

Айнұр Кәрбозова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

- 20 жылдық тарихта 13836 стипендия тағайындалған. Оның 10 мыңнан астамы түлектер. Олар әртүрлі бағыттарда мамандықтары бойынша ел игілігіне еңбек етіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы