422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды

  • 2968
  • UPD: 14:58, 26.12.2019
Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды

Сенат «Педагог мәртбесі» туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Енді заңды іске асыру үшін 2020 жылы 390 млрд теңге бөлінеді. Жалпы, құжат төрт бағытты қамтиды. Алғашқысы, ұстаздың құқығын қорғап, артық жүктемеден босатады. Екіншісі, мұғалімнің қызметіне қойылатын талапты күшейту. Үшіншісі, материалдық емес ынталандыру тетіктері болса, соңғысында материалдық тұрғыдан көтермелеу шаралары қаралған. Заң педагогтардың жеке дамуына және жалпы оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Олар қағазбастылықтан арылып, тек өз міндеттерімен айналысады. Ал мұғалімдерді фунционалды қызметіне жатпайтын жұмыстарға заңсыз тартқан тұлғаларға 20-дан 120-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады. Ұстаздың ар-намысына тигендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оқушылар тарапынан өрескел қылық көрсетілсе, ата-анасы жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы