418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар мектептеріне XVIIIғ. әйгілі сұлтан туралы кітаптар тарту етілді

  • 354
  • UPD: 22:38, 25.01.2020

Ертіс өңірінің мектептеріне 18-ғасырда өмір сүрген саяси һәм мемлекеттік қайраткер, қазақ пен қытай арасындағы талай түйткілді шешіп, аты шыққан дипломат Сұлтанбет Сұлтан туралы кітаптар тарту етілді.

Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Еңбекте мәмілегер тұлға жайлы Орынбор мен Омбыдан табылған 450-ден астам мағлұмат жазылған. Мұрағаттық құжаттарды ғалымдар көне славян тілінен аударған. Айта кетейік, Сұлтанбет Сұлтан туралы зерттеу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын басталған. Жаңағы жинақ әзірге облыс орталығындағы 42 мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне қолжетімді. Алдағы уақытта өңірдегі өзге де кітапханаларға таратылмақ.

Жұмабек Қамзин, Сұлтанбет Сұлтан атындағы қоғамдық қордың атқарушы директоры:

- Сұлтан атындағы қоғамның көмегімен әр мектепке осы екі томнан сыйлық ретінде беріліп жатыр. Ол ертең әр мектепте осындай тарихи сабақтар өтсін деген ниетпенен осының бәрі істеліп жатыр. Сондықтан өте маңызды. Бұның барлығы жаңағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде істеліп жатқан істер.

Евгений Карамышев, оқушы:

- Ұлы тұлғаның өмібаянымен танысып, таң қалдым. Сұлтанбет Сұлтанның өнегелі өмірі әрі қарай зерттелу керек. Біз, келер ұрпақ ұлы бабамыздан үлгі алуымыз қажет деп ойлаймын. Мені Қазақстан тарихы қызықтырады. Болашақта зерттеулер жүргізгім келеді.

Хабар 24 телеарнасы