375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕҰУ-да волонтер жылының ресми түрде ашылуы өтті

  • 149
  • UPD: 00:35, 29.01.2020

Еуразия ұлттық университетінде волонтерлар жылының  ресми ашылуы болды. Биылғы бастама оқу орнының студенттері үшін үлкен мүмкіндік дейді ректор. 1000-нан аса студент волонтер болуға өтініш білдірген. Олардың арасында Арыс қаласында көмек көрсеткен жастар да бар. Жиынға шетелден еріктілерде келді. Оларда бірнеше күннен бері қала өмірімен танысып, барлық бастамаға атсалысты. 

Ерлан Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:

- Бұл елді біріктіреді, бұл халықты біріктіреді. Егерде сондай бірлік, береке болатын болса бұл мемлекет те мықты болады. Келешекке де біз сенімді қарай аламыз. Міне, волонтерлықтың, еріктіліктің түбінде жатқан мақсаты осында.

Хабар 24 телеарнасы