426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент ЖОО оқытушыларының айлығын көтеруді тапсырды

  • 479
  • UPD: 15:01, 27.05.2020
Президент ЖОО оқытушыларының айлығын көтеруді тапсырды kspi.kz

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ЖОО оқытушыларының жалақасын көтеруді тапсырды.

«Біз «Педагогтар мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз. Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыруы керек», – деді Президент.

Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы бейнебайланыс форматында өтіп жатқанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы