418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініштер қабылданып жатыр

  • 231
  • UPD: 14:24, 09.07.2020
Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініштер қабылданып жатыр

Қазақстанда 15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау жүргізіледі.

Тестілеу электронды форматта 1-15 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі, деп жазды Білім және ғылым министрлігінің telegram арнасы.

Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16-20 тамыз аралығында қабылданады.

3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштер қабылданады. Докторантураға түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өткізіледі.

Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы ЖОО қабылдау комиссиялары қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы