426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кезекші кластардағы санитарлық талаптың орындалуы қатаң бақылауда болады

  • 187
  • UPD: 18:31, 21.08.2020
Кезекші кластардағы санитарлық талаптың орындалуы қатаң бақылауда болады

Жаңа оқу жылында кезекші сыныптар ашылып, онда білім беру оффлайн болатынын айтқанбыз. Бұл ретте санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс.

Оқушылар класта бетперде киіп, арақашықтықты сақтауы керек. Дәлізге себепсіз шығуға болмайды. Әр сыныпқа бөлек оқу және медициналық кабинеттер бекітіледі. Балабақшаларға да бақылау күшейеді. Өйткені бүлдіршіндердің денсаулығы үшін бірінші кезекте оқу процесіне қатысушылар жауапты. Карантинге байланысты мектеп ішінде ешқандай шара өткізілмейді. Мұның барлығы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінің онлайн пленарлық отырысында айтылды.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Қазір біраз үлкен Қазақстан бойынша қанша көптеген үлкен іс-шаралардың бәрі жоспарланды. Енді бірақ мына пандемияға байланысты байқадыңыздар, көптеген өткізу жолдары енді осы жағдайды бәрін ескере отырып жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы