426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтай Көлгінов мектептердегі санитария нормаларын күшейтуді тапсырды

  • 122
  • UPD: 17:15, 24.08.2020
Алтай Көлгінов мектептердегі санитария нормаларын күшейтуді тапсырды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектептер мен колледждердің директорларына жаңа оқу жылына қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай дайындалуды тапсырды.

Дәлірек айтсақ, санитайзерлер орнатып, арақашықтықты сақтау туралы белгілерді орнату шарт. Кезекші топтардың оқушылары парталарға шахмат тәртібімен отыруы керек.

«Сапалы дайындықты қамтамасыз ету маңызды. Қашықтан жұмыс істеу режиміне көшу студенттердің алған білімінің сапасына әсер етпеуі керек. 1-4 сынып оқушылары кезекші топтарда оқи алады, санитария нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов мұғалімдерді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, алғыс хаттармен марапаттады.

Хабар 24 телеарнасы